Көпшілікке «Келін» картинасы арқылы танылған актриса Гүлшарат Жұбаева жолдасына ұл сыйлады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Режиссер Ермек Тұрсыновтың атышулы «Келін» фильмі арқылы қалың көрерменге танылған актриса Гүлшарат Жұбаева араға 7 жыл салып, жолдасына тағы да атұстар сыйлады. Желіге сүйінші сұрап, сурет жүктеген актрисаны құттықтаушыларда есеп жоқ. 9 ай, 9 күн бойы жүктілігін жасырған актрисаның бұл жаңалығына таңқалғандар да болды. Ендеше қазақ еліне келген бір батырға біз де мықты денсаулық тілеп, бауы берік болсын дейміз.

Ал Бүркіт сүйікті жарын өкпелетіп алды. Туған күнін Бали аралында қарсы алған Аишаға гүл шоғын ұсынып, «Ренжіме, құрысын» деген өлең жолдарын арнаған Айбек мырзаны желіде оқырманы түсінбей қалды. Тек құттықтау жазбадан соң бәрі орнына келді. Жұлдызды жұпқа баянды бақыт тілеген жанкүйерлері, Бүркіттің романтик екеніне тамсанып, жарыса жазуда.

Мәдина Сәдуақасова болса, енді ашық-шашық сурет салмаймын деген уәдесінен тайды. Бұл жолы желіні шулатқан – әншінің бассейнде түскен мына фотосы. Көпшілік арудың сөзінде тұрмағанына ренжісе, енді бірі Сәдуақасова ханымның сымбатына таңдай қағып, мақтау сөздерін аямаған.