Актер Дәурен Айдарқұловтың анасы мен Ақбота-Нұр бір қазанды бөлісе алмай жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанұядағы келіспеушіліктер жұлдыздар қауымына да жат емес! Мәселен, Дәурен Айдарқұлов отбасында жалғыз атұстар болғандықтан, зейнеттегі ата-анасымен бірге тұрады. Алайда, актер ене мен келін арасындағы қақтығыс кейде бөлек шығуға деген ойдың туындауына себеп болатынын жасырмайды.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Енді, әрине кухняны бөлісу мама мен келіншегі, сондай бір әйелский движениелер ғой. Бізге қатысы жоқ, бірақ септігі бізге үлкен...

Екі оттың ортасында бір емес, бірнеше рет қалып көрген Айдарқұлов жігіттерге мұндай жағдайда ешкімді жақтамауға кеңес береді.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Жігіт бірінші, анасымен келісіп отдельно, сосын келіншегімен отдельно келісіп, сосын на весы поставить. Ең бастысы дұға қыламыз, Алладан сұраймыз түсінбей жатқан адамға түсінсін деп.

Көпшілікке Құралай Анарбекованың «Ва-банк» фильмі арқылы танылған Нұркен Иманқұловтың да бұл мәселеге қатысты айтары бар! Оның пікірінше, ене мен келін бір үйде тұрып, шаңырақты шайқалтқанша еншіні алып, бөлек кеткен дұрыс.

Нұркен Иманқұлов, актер:

- Жібергісі келгеннен бөлек жібермейді, ол сондай бір қысылтаяң жағдай болып қалған шығар. Келіні енесімен, бізде енді сыйыспай жатады. Сол себепті отбасыны құртпайық, болашағын бұзбайық деген оймен көп ата-аналар бөлек шығарып жатады.

Ал инстаграм жұлдызы Әсем Нұрсейітова бұл орайда, «жолы болған келінмін» дейді. Жолдасының ата-анасы 12 жылдан соң қазақтың салт-дәстүрімен көпшілікке ақ дастархан жайып, үлкендердің батасымен еншілерін бөліп берген. Десе де, ата-анасы бөлек шыққан ұл-қызын қимай қалған көрінеді.

Раджив Сәтжан, Әсемнің жары:

- Әкем әрине, мені уайымдады. Өйткені осы уақытқа дейін бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеп өсірген адам ғой. Қалай болар екен деп алаңдағаны рас.

Әсем Нұрсейітова, дизайнер:

-Көп нәрсе үйрендім, барлығын, жанұяда қарым-қатынас қандай барлығы қандай екенін түсіндім, сосын пісіп барып бөліндім десем болады.»

Сондықтан да, тәжірибесі мол Әсем жұлдызды келіндерге «сабырлықты ту еткенде ғана, ұрыс-керіссіз еншіні алып шығуға болады» - деп, кеңес берді.