Үлкен экрандарға қайта оралған Әсель Сағатова «My love is Aisulu» фильміндегі кейіпкерлердің өмірін бастан кешкен болып шықты. Актрисаны кезінде талай жігіт алдаған екен.
Әсел Сағатова, актриса:
-Менің ойымша өтірік айту бұл барлық ер азаматқа тән қасиет. Жігіттер керемет көріну үшін жиі асыра сілтеп жатады. Бірақ айтарым, ешқашан сүйіктіңді алдауға болмайды. Оның арты ренішке алып келеді.
Жанель Мақажан болса, керісінше өзі махаббат үшін сүйіктісін алдағанын жасырмайды. Алайда театр және кино актрисасы мұндай қадамға қарым-қатынасты сақтап қалу үшін барған көрінеді.
Жанель Мақажан, актриса:
- Шыны керек енді, арасында болған ондай. Бір араны бұзбау үшін бе екен. Білмеймін бірақ негізі ондайға мен қарсымын өз басым.
«Бизнес по-казахски» фильмінің жарық жұлдызы Қажет Смағұлов, жалған сөйлеу ер жігіт үшін қалыпты жағдай екенін мойындайды. Талантты актер ең бастысы өзінің қателігіңді уақытында түсінсен болды дейді.
Қажет Смагұлов, актер:
-Әрине болды ол, олсыз қалай. Анау біз еркектер біз басында, танысқан кезде бүйтіп қаламыз ғой, мен мынандаймын деп. Ана қыз айнып қалмасын деп. Ол әр еркекте барау деймін. Одан кейін енді шынайы ғашық болып, ертен арты ашылатынын, біліп тұрған соң, әрине соның бәрін жөндеуге тырысасың ғой. Ол әр еркекте бар. Менде де болған ондай.