Мәдениет саласының үздігі Динара Сұлтан саясатқа кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Сұлтан «Мәдениет саласының үздігі» атанды! Өнердегі атан түйелерді басып озған, көп ұзамай күміс алқалы болатын көпбалалы ана, бұл жайында өзінің инстаграм парақшасында сүйіншілетті!

Мәдениетте бірінші болу үшін, өнерде өшпестей із қалдырып, тынымсыз іздену қажет-ақ. Тиісінше еңбегіне мемлекет марапат тағайындайтыны сөзсіз. Бұндай қомақты сыйлықтар талай есікті қиындықсыз ашатыны тағы бар. Мәселен, саясаттың. Динараның өзі мінберден көрінуге қарсы емес екенін, бірақ әзірге ұстаз болғысы келетінін айтады.

Динара Сұлтан, әнші:

– Әрдайым селкілдеп өлең айтып жүру де оңай емес және де ұят та деп ойлаймын мысалы. Жасым келе мүмкін мұғалім болам.

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында өнерден саясатқа «сеңше» ауысқандар жетіп артылады. Мәселен күні кеше Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі – Мейрамбек Беспаев тағы бір жылы орынға жайғасты. Ол әртістердің ұсынысымен – Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды. Сәкен Майғазиев, Нұрлан Әлімжанов және Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалған Қыдырәлі Болманов та бұл тізімде.

Қыдырәлі Болманов, әнші:

- Кәсібім ғой өмір бойы істеп келе жатқан, мәдениет саласы. Сондықтан мәдениет саласында көптеген жұмыстар бар.* 09.53 өте үлкен және жауапты жұмыстар жүріп жатыр. Бұл мәдени мұра да кіреді, мәдени неше түрлі мерекелер де, концерттер де, жалпы мәдени саласы мәдениет деген барлық жерде бар.

Ал «Қазақстан Еңбек Ері», «Отан» төсбелгілерімен марапатталған Роза Рымбаева саясаттың сойылын соғудан аулақ екенін жеткізді. Халық әртісі «әркім өз жұмысымен айналысқан дұрыс» деген пікірде.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

– Енді біздің тыңдарманның да ерекше өзінің талғамы бар, сыны бар. Соған сәйкес келу керек. Тәрбиені, мәдениетті көрсету керек. Біз халықты тәрбиелейтін адамбыз ғой. Біз рухани, мәдениет, өнер жағынан тәрбиелейтін адамбыз.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен: театр майталманы – Әділ Ахметова, дәстүрлі әншілер – Жанаргүл Саркенова мен Бейбіт Құсанбаев және эстрада жұлдызы Ғаділбек Жаңай марапатталған болатын.