Соңғы кездері ғаламтор жұлдыздары үлкен экранда жиі көзге түсіп жүр! Алғашында әлеуметтік желіде вайндар таспалап, көпшілікке танылған блогерлер бүгінде актерларды жұмыссыз қалдырып жатқаны да жасырын емес.
Мәселен, инстаграмда өз аудиториясы бар Бека Изи «Оффлайн демалыс» және «Хайп қуған ата» сынды бірнеше картиналарда басты рөлдерді сомдады. Кәсіби білімі болмаса да, блогер актерлық мансабын жалғастыруға құлықты!
Бекзат Елеусизов, вайнер:
- Вайн деген уақытша зат. Кино деген болған, бар и болады да. Артымыздан із қалдырып кету керек қой. Вайн деген қашанғы қалады. Қашанғы жүре береміз вайн түсіріп жұре береміз.
- Сондағы айтпағың вайнның болашағы жоқ па?
- Енді білмеймін мен ол жағын, болжай алмаймын бірақ, кино деген ол мәңгілік дүние ғой мысалы.
- Кейбір актерлар бар, кәсіби білімі бар. КВН-щиктер фильмге түсіп кетті, вайнерлер фильмге түсіп кетті деп айтып жатады. Сенің оған көзқарасың қандай?
- Білмеймін мен бізді шақырады, біз келеміз. Бағымыз жанғаны, соған рахмет.
- Кейбіреулері айтады біздің нанымызды тартып алып жатыр дейді вайнерлер.
- Енді мен оған кінәлі емеспін ғой мысалы, мені шақырады, мен барамын.
- Менің бас тартуым керек пе еді дейсің ғой?
- Ия, мен бас тарта алмаймын мысалы, мен келісемін қуана қуана.
Кезінде Шәріп Серік те инстаграм арқылы көпшілікке танылған еді. Есесіне, бүгінде ол режиссерлар арасында сұраныстағы актерлардың бірі. Одан бөлек, Анара Батырхан мен Нұрлан Батыров өздерінің вайндарын толықметрлі туындыға айналдырған табысты инстаграм жұлдыздардың бірі.
Вайнерлерден өзге, әуесқой актерлар да кәсіби мамандардың нанына ортақтасып жүрген жайы бар.
Шадияр Абдуллаев, актер:
- Шадияр, сенің актерлық кәсіби білімің жоқ екенін білеміз. Кәсіби білімі бар актерлар айтады, білімі жоқтар келіп киноға түсіп жатыр, вайнерлер келіп жатыр, квнщиктер түсіп жатыр деп. Сенің соған көзқарасың қалай?
- Менің көзқарасым жаман.
- Неге?
- Өйткені, төрт жыл бойы оқып, өмірін театрға арнайды, оны бітіреді, оны шұқиды, бүкіл бәрін жасайды да, и аяқ-асты вайнерлер келеді, квнщиктер келеді.
- Сен сияқты әуесқой актерлар келеді.
- Мен сияқты әуесқой актерлар келеді, ол жаман болады ия, негізі жаман. Біз жаманбыз. Біз өте жаманбыз. Біз жеп қоямыз.
- Неге егер де, жаман деп танысаң, шақыртылып жатқан фильмдерден бас тартпайсың?
- Әрине бас тартпаймын, неге бас тартуым керек.
- Неге?
- Өйткені, менің жақсы көретін ісім, мен әуесқой актермін, мен өзімді актермын деп айта алмаймын, мен жәй ғана, орындаушы ретінде айтамын. Актерларды жоғары көтеремін.
Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» фильмінде төбе көрсеткен тележүргізуші Дәулет Бижанов ғаламтор жұлдыздарының жаппай актер атануын қалыпты құбылыс санайды. «Тіпті бұл, режиссерлардың ойлап тапқан айласы», - дейді ол.
Дәулет Бижанов, актер, тележүргізуші:
- Дәулет, өзіңді білім алған, кәсіби актер ретінде сұрайыншы өзіңнен, сен жалпы вайнерлердің киноға түсуне қалай қарайсың? Қөзқарасың қалай?
- Ол менің ойымша, біріншіден, маркетинговый ход, маркетинг бір жол және екіншіден менің көзқарасым, 50/50 деуге болады.
- 50\50?
- Өйткені, кейбір режиссерлар сол образды халыққа танымал, тура сол қалпында мына киноға тыққысы келеді да. Ол мен ойлаймын, режиссердің еңбегі одан еселенбейді. Өйткені, актерды сындыру керек сияқты, ампуласын сындырып, мысалы сені, бір ешкім ойламаған үнемі жинақы жүретін адам, мені басқа ампулаға салса, мен ойлаймын, режиссердің өте тапқырлығы деп.
- Ия, комедиядағы актерларды, трагедияға фантастикаға, экшнға. Дәулет көп осы кәсіби актерлар біздің нанымызды тартып алып жатыр, өз ісімен айналысу керек дейтіндер де бар. Оған не дейсің?
- Жоқ бұйырған кетпейді. Егер бұйырса Голливудқа түсесің. Бұйырмаса душқа түсесің, басқа не істейсің.