Соңғы уақытта Леонардо ДиКаприоның жеке өміріне байланысты алып-қашпа әңгіме өріп жүр. Басым бөлігі жағымсыз пікірлер. Жақында ғана ғашығымен қайта қосылған актер «бәрі өтпелі» десе, сүйгені Камила Морроне басқаша ойлайтын секілді. Ол Батыстық БАҚ-қа «адамдар айтатын негатив Ди екеуіміздің арамызды алшақтатып жатқандай» деп сұқбат берген.
Ким Кардашьян жұртты шулатудан шаршамақ емес! Мексика жаға жайларының бірінде демалып жүрген сәнбикенің бикинидегі суреттері желіні шарлап жүр. Кимның мүсінін көріп қарық болған жұрт, оның тағы бір мәрте пластикалық хирургтардың көмегіне жүгінгенін болжауда.
18 жастағы Билли Айлиш жанкүйерлерін тағы бір жағымды жаңалығымен қуантты. Әнші Джеймс Бонд бой көрсеткен, жақын уақытта көрерменге жол тартатын «No Time to Die» фильмінің саундтрегін орындамақ. 9-шы сәуірде прокатқа шығатын картинаны тағатсыздана күтіп жүргендер көп.