Меруерт Түсіпбаеваның биыл жаңа жыл тойламағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңа жылда жұлдыздар қауымы жұрттан ерекшелену үшін бір-біріне, туған-туыстарына түрлі қомақты сыйлықтар сыйлайды. Мәселен, соңғы үлгідегі смартфон, шет елге жолдама, қымбат маркалы көлік оларға түк емес. Шамшыламыз деп, шығынға шаш еткентен батып қалатын әртістер де бар. Мәселен Ақбота-Нұр Сейітмағанбет «Ақшаны көп жұмсап, жаңа жылда қиналып қалған кездеріміз болды» дейді.

Ақбота-Нұр Сейітмағанбет, әнші:

– Мен негізі өзімнің де ақшамды жаратамын, жолдасымның да ақшасын жаратамын да даже бензинге ақша таппай қалатын кездер болады. Немесе нанға деген сияқты.

Ал Жеңіс Ысқақова болса, «жылына бір рет келетін мерекені өз деңгейінде атап өткен дұрыс» деген ұстанымда. Тіпті әнші қанша қаржы жұмсағанын есептеп, әлекке түспейтін көрінеді.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

– Құдай сақтасын, туған-туысқаныңа, үйіңе, отбасыңа жұмсалып жатқан дүниені шығын деп айтпас едім. Жайылған дастархан... Кішкене болса да әркімнің көңіліне, болады ғой «анау керек еді» деген сияқты. Сондай өзіне керекті, ондай аса қымбат дүние емес, керекті керекті дүниені алып беру деген сияқты.

Жеңіс Ысқақова туған туыстарын сыйлыққа қарық қылып жатқанда, Меруерт Түсіпбаева биылғы жаңа жылды әдеттегідей дүркіретіп атап өтпеген. Себебі мейрам қарсаңында жалғызына пәтер әперген көрінеді.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

Өткен жыл мен үшін күрделі жыл болды. Балам «Айлтс» тапсырды. Балам ЕНТ тапсырды. Бір тал бала болғандықтан мен қатты алаңдадым, қатты уайымдадым. Шынын айтсам ешқайда демалуға да барған жоқпын. Балама үй алдым. Ол сондай оңай ақша емес.

Оңтүстік астанамыздың орталығында орналасқан 3 бөлмелі пәтерді Меруерт бас-аяғы жеті айда жөндеуден өткізіп, ұлына тосынсый жасаған. «Келешекте келіншегімен бірге тұрады. Мен бөлек кетемін», - дейді әнші. Біраз істің басын қайырған Түсіпбаеваға материалдық жағдайын жақсарту үшін, биыл да тынымсыз еңбек ету керек сынды.