Жер жаһанның ең стильді серілері Милан қаласына жиналды! Әлемнің әсемдік астанасында ерлерге арналған фэшн уик басталды.
Қолынан іс келетін жігіттер сәнде! Су жаңа топтамасын таныстырған Dolce & Gabbana дәл осылай дейді. Әйгілі бренд кезекті коллекцияны әзірлеуде «ерлер еңбегі» тақырыбын көтерген. Соған сай, кей үлгілер униформаларды еске салады. Одан бөлек, кең балақты шалбарлар мен комбинезон, қалың жемпір мен жейделер бүгінгінің тренді дейді олар.
Ал Миучча Праданы бүгінгі заманның келбеті көбірек алаңдатады. Дизайнер қоғамда болып жатқан түрлі құбылысты жаңа коллекциясы арқылы көтеруге талпынған. Ерек шоу суретші Джорджо де Криконың метафизикалық туындылары стилінде безендірілсе, топтаманың өзі ашық-жарқын түсті образдардан құралған.
Fendi-дің пікірінше серілер сары түсті сөмке ұстаса, сөзсіз сәнде! Бүгінде әйгілі брендтің су жаңа үлгілері емес, ерлерге арналған қолдорбалары көбірек тақылануда. Ал, тың топтамаға келер болсақ, киімдердің басым бөлігі былғарыдан тігілген. Плащ, пенжек, кең балақты шалбарлар алып бәтеңкелермен керемет үйлесім тапқандай.