Танымал блогер Динара Рахимбаевамен көңіл қосқан рэпер Cali алғаш рет ашылып сұхбат берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейде кеңінен танылған Cali, 2019 жылы шыққан нью-скул әншілер қатарына кіреді. Алматыда дүниеге келген музыкант, бір жарым жыл бұрын Мәскеуге қоныс аударғанды.

CALI, рэпер:

- Мәскеуге көшу бұл менің шешімім. Өзім ғана емес, барлық шығармашылық ұжымымды да қоныс аударуға көндірдім. Себебі, өнер адамына, әсіресе рэперлерге Ресейде мүмкіндік өте көп және шектеулер жоқ.

Cali есімімен таныс Абылай Манасбай 25 жаста. Рэп орындаушы бүгінде хитке айналған тректерімен ТМД елдерінің «iTunes» чартында топ жарып жүр. Тіпті, Cali-ға тыңдарман ғана емес, түрлі музыкалық лейблдар да қызығушылық танытып жатқан көрінеді.

CALI, рэпер:

- Ұсыныстар өте көп түседі. Менің командам қасымда болғаннан кейін, біреуге бағынып жұмыс жасаудың бізге берер пайдасы жоқ, тек ұтыламыз. Сондықтан тәуелсіз болуды жөн көрдім. Ғаламтор бар заманда, ешқандай әртіс далада қалмайды.

Cali тек шығармашылығы ғана емес, жеке өмірі арқылы көпшілік назарын өзіне аударған еді. Рэпер, блогер әрі сәнбике Динара Рахимбаевамен қөңіл жарастырған еді. Қос ғашықтың махаббат хикаясы Динара төбе көрсеткен «Раненая модница» бейнебаянының түсірілімен кейін басталса керек.

CALI, рэпер:

- Динара маған қатты ұнайды. Себебі, оның бойында әйел адамға тән нәзіктік бар. Ең алдымен ол мені адамгершілігімен баурап алды. Нағыз дос бола алды, әрдайым ақыл кеңесін аямайтын. Маған Динара бұрыннан ұнайтын, мен оны жасырмаймын.

Алайда, Cali мен Динараның қарым-қатынасы ұзаққа бармады. Рэпердің айтуынша, арақашықтық пен шығармашылық ғашықтардың махаббатына кедергі болған.

CALI, рэпер:

- Көңіл қосқанымызға аса көп уақыт болған жоқ. 1,5 ай ғана. Қош айтысу біздің ортақ шешіміміз.

Сонда да, Cali әлі күнге дейін Рахимбаеваға деген сағынышын білдіріп жүр. Рэпер таяуда ғана сылқымға трек арнаған еді.