Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:
- Ауқатты бір той-томалаққа барып, «Атың өшкір кредит» деп тұрсаң, не айтып тұрсың деп қуып шығуы да мүмкін. Сол себепті ол белгілі бір ортаға арналған ән болатын секілді, меніңше. Тыңдадым мен. Ол әнді білемін.
«Азия» мен «Бақайдың» дәл осы жұмысы жарыққа шыққанда, әріптестері су жаңа туындыға пікір білдіруден аянып қалмаған еді. Жігіттер араға уақыт салып Айгүл Иманбаеваға жауап беруді жөн көреді.
«Азия» & «Бақай»:
Ол кісі аса қатты мән бермей-ақ қойсын. Біз үшін қатты қиналмай-ақ қойсын, уайымдамай-ақ қойсын. Өйткені, біз «Опмай» шыққан кейін бірден «Азия» мен «Бақайдың» репертуарына екінші ән болып қосылып, сол әнге жұрт билеп, қайта-қайта айтқызып, жарты жыл болды айтып жүргенімізге.
Айтпақшы, алғашқыда «Опмай да» дәл осылай сын садағына іліккен-ді. Сондықтан болар, орындаушылардың кереғар пікірлерге еті үйренген.
«Азия» & «Бақай»:
- Басында өздері айтады. Немене мынау, болмаған нәрсені, неше түрлі нәрсені әнге қосатын болғансыңдар деп. Енді сын бәрібір болады ғой. Біз доллар емеспіз ғой бәріне бірден ұнайтын да мысалға.
Дегенмен, «Кредит» жайлы клип «Опмайдың» жетістігін қайталай алмай келеді. Әуелде әжуаға толы әзіл әнмен жұрт назарын аударған қос топтың, екінші видосына деген халықтың қызығушылығы да бәсеңдеу.
«Азия» & «Бақай»:
- Екінші клип «Опмайдай» болған жоқ қаралымы жағынан. Халық дүрлігіп жатыр, клипке қарайтын жағдай болмай кеткен сияқты. Сондықтан соның көлеңкесінде қалып қойған сияқты «Атың өшкір кредит»