Британия патшалығының қос келініне де сәлем салу таңсық дүние емес! Бұл әулеттің үлкендеріне, бастысы ханшайым енелеріне көрсеткен құрметі іспетті. Бұдан бөлек, олар міндетті түрде атқаруы тиіс шаруалар шаш етектен.
Мәселен, дәстүрлі «Royal Ascot» ат жарысына, тотыдайын таранып, бар жақсысын үстіне іліп бару тағы бір парыздары! Дегенмен, айтулы кештің ашылу салтанатында Гарри ханзада мен кіші келіндері Меган Маркл келе алмады!
Есесіне, патшалықтың өзге мүшелерінің бәрі тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналған. Тіпті, ресми іссапарлары осы күнмен тұспа-түс келген Нидерланды патшасы Виллем – Александр мен жұбайы Максим де осында, мәртебелі меймандар қатарында.
Үш ғасырдан бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан ат жарыста ақсүйектер мен патшалық отбасы, жалпы бомонд үшін мызғымас дресс-код белгіленген. Көздің жауын алар ерекше қалпақпен келу міндетті.
Елизаветта 2 – ші ханшайым да, Кембридж герцогинясы Кейдт Миддлтон да ашық көк түске таңдау түсірген. Гүлдермен көмкеілген шляпалары да ұқсас. Сән сыншылары олардың әдеттегідей мінсіз талғамына тек таңдай қағумен болды.