Динараның ақ келін атанғанына биыл 10 жыл толады. Бес баланың анасы салт-дәстүрден алшақтамағанымен, ата-енеге «сәлем салуға» келгенде салғырттық танытатын көрінеді.
Динара Сұлтан, әнші:
- Мен Батыс жақтанмын, жолдасым Алматы облысынан ғой. Сондықтан, біздің ана жақта да, мына жақта да келін сәлем беру деген жоқ. Болған жоқ, талап етпейді!
Отандық шоу-бизнестегі бойдақтардың бір легі Сұлтанның бұл әрекетіне түсіністік танытса, отбасын құрмаған жігіттердің келесі тобы болашақ қалыңдықтардың мұндай қадамын құптамайды.
Renzo тобы:
- Сәлем салған артық етпейтін сияқты. Онда тұрған ештеңе жоқ, бір жері түсіп қалмайды шыны керек. Сондықтан ол ата-енесіне деген сыйластығы. Қайын аталары бар. Сәлем салып тұру керек.
Ержан Мұқатаев, «Алау» тобының әншісі:
- Мен шыны керек ондай талап қоймаймын. Тіпті менің анам да ондай талап қоймаймын. Себебі ол заманауи кісі менің анам. Ең бастысы менің анамды сыйлап, мен деп өліп тұрса сол ең бастысы.
Әсет Арыстанбек, әнші:
- Менің ойымша біздің ата-бабаларымыз қалдырып кеткен, әжелеріміз қалдырып кеткен. Енді салмаса да, бір түр жасап қойса болады ғой енді.
Ал, «Кешyou» қыздары қаршадайынан ұлттық дәстүрді жетік меңгерген. Сондықтан бұл бұрымдылар үшін сәлем салу – ұят емес!
KeshYOU тобы:
- Махаббат болған жерде барлық нәрсе болады, барлығына көнесің әрине. Сол себепті неге салмасқа, неге салт-дәстүрді ұстанбасқа. Біз үшеуіміз де қазақ тәрбиені өскен қыздармыз. Сол себепті бізге қазақы салт-дәстүр жақын!