Бүгінде Сара қыздың өмірлік жоспарында үлкен өзгеріс. Осы уақытқа дейін тек шығармашылығын шыңдап келген өнерпазға, таяуда әкесінің тарапынан тосын ұсыныс түсіпті.
Сара Амангелді, әнші:
- 23-ке міне толған кезде әкем айтып бастады қашан күйеуге шығатын ойың бар деген сияқты. Бірақ менің жігітім де жоқ. Білмеймін неге екенін, басым әрдайым бос болады.Мен өзімнің махаббатымды тапқан жоқпын.
Сараның сөзінше, соңғы кездері әнші қыздың ата-анасы мен құрбылары да құдды бір өзара келісіп алғандай көрінеді.
Серікқазы Аязбаев, тілші:
- Сенің өнердегі құрбыларың тұрмыста ғой. Қаншалықты отбасылық өмір мен тұрмысқа шығу тақырыбын құрбылар арасында жиі талқылайсыңдар?
Сара Амангелді, әнші:
- «Қашан күйеуге шығасың сен қыз, ей», дейді. Бірінші негізінде колледжде оқып жүрген кезде қыздар арасында бәріміз араластық қой. Сол кезде Сара бірінші күйеуге шығады деп айтатын. Білмеймін ол кезде «жүргіш те» емес едім. Жай ғана «мен күйеуге шығып кететін шығармын, қыздар», деп. Сол 16 жаста болсамда... Енді көрдіңіздер ме, мен ғана шыққан жоқпын. Өзіміздің қыздар арасында. Элизатпен бірге оқыдық қой. Сол кезде!
Әуелде қос құрбы «Лашын» тобында ән салып, кейін «Кешьюдің» құрамына қатар қабылданған-ды. Бүгінде Элизат Берікова ақ босаға аттап, ана атанып үлгерсе, Сара Амангелді маңызды қадамды жасауға жүрексініп жүргенін жасырмайды.
Сара Амангелді, әнші:
-Қазіргі таңда ажырасу өте көп. Менің достарым, жақын таныстарым ажырасып жатады. Өзім бір рет күйеуге шыққым келеді. Қалай шықтым, солай мәңгі бірге болғым келеді.
Сараға сезімін білдіретін серілердің санында шек жоқ. Бірақ әнші қыз таңдап әрі талғап тұрмысқа шығуды ұйғарған.
Серікқазы Аязбаев, тілші:
- Саған ғашық жігіттер өте көп. Қандай талаптарың бар?
Сара Амангелді, әнші:
- Рахмет! Негізі еркек намысшыл болу керек. Абыройлы болу керек. Махаббатқа адал болу керек. Өйткені мен адалдықты жақсы көремін. Мен үшін бастысы адал болу және мені қатты жақсы көру.