Отандық әнші Мәди Рымбаев алғашқы бейнебаянын ұсынбақ. Бірнеше жыл сахнада жүрсе де, бұл өнерпаздың алғашқы жұмысы. Талантты орындаушы енді шығармашылығына шыңдап кіріспек.
Мәдидің дебьютттық клипі - «Sham» трегіне түсірілген. Жас музыкант өткен жылы жарық көрген әніне видео таспалау үшін, ұзақ уақыт дайындалған. Ол үшін Рымбаев тәжірибе жинау қажет болды дейді.
Мәди Рымбаев, әнші:
- Басында Әлиден кеңес сұрап едім. Мынау қалай екен, мына орнажировкаға байланысты, мына музыкаға кеңестер сұрағам. Ал қазір мен өстім. Өзмінің талғамым бар деп айта аламын.