Роза Рымбаева жаңа бейнебаян таспалауда

Сообщить о проблеме с эфиром

Тың туындыларын ұсынып жатқан ұлдарынан Роза Рымбаева да қалыспайды! Өнер әлемі түгелдей отбасымызға жетеді деген халық әртісі, су жаңа бейнебаянын таспалауда. Енді ол, жастардың көшінен қалмау үшін белсенді боламын деп отыр.

Жаңа туындысын жарыққа шығару үшін халық сүйіктісі «Опера және балет» театры ғимаратын тұтастай жалға алған! Бейнебаян таспалауда қалауым тек осы орын болды, дейді әнші.

Роза Рымбаева, әнші:

- Әрқашан да бір жаңалық әкелуіміз керек қой. Мына опера және балет театрында мен бірінші рет клипімді түсіріп тұрмын. Оның себебі, ең сұлу, ең әдемі жер, біріншіден. Екіншіден, менің музыкамның стилі осы классикаға жақындау.

Түсірілім жұмыстарының ойдағыдай өтуіне өнер иесінің тұңғышы барын салып жатқан көрінеді. Оның үстіне, соңғы кездері Әли емес, керісінше Роза Қуанышқызы ұлының айтқанымен жүретінін жасырмайды.

Роза Рымбаева, әнші:

- Кез-келген жұмысты мен Әлимен ақылдасам. Әли менімен ақылдасады. Әрине, көбінесе мен ақылдасамын. Себебі, Әлидің режиссерлық бір талғамы бар. Көріністерді көру, түсірілім режиссерын таңдау. Оның барлығына мен басшылықты Әлиге беремін.

Бес жылда тек бір бейнебаянды таспалауды әдетке айналдырған Роза Рымбаева, енді жастар көшінен қалмау үшін аянбай еңбек етуге әзір.

Роза Рымбаева, әнші:

- Жоспарымда тағы бір клип түсіремін деген ойым бар. Ол біздің Әлидің сенемін мен деген әні. Оған да клип түсірсем деген жоспарым бар. Бұғанға дейін жыл сайын концерт беретінмін, биыл енді сол клиппен шығайын деп едім.

Қуанышқызының бұл қарқынына қарағанда, халық әртісінің көп ұзмай тың туындылар мен ерек образдар арқылы елді таңқалтар күні алыс емес сыңайлы