Сара Амангелді болса, балалық шағындағы оқиғасын еске алды! Нақтырақ айтсақ, кезінде әнші дауға қалған Алсудың қызындай жағдайды басынан өткерген көрінеді. Сайысқа түсемін деп, көптің ашуын тудырған ару, содан кейін жарыстарға қатысуды тоқтатқан.
Әнші Алсудай болмаса, да Сара Амангелдінің анасы шоу-бизнес әлемінде ойып тұрып орын ала алды. Сондықтан «Айгөлек» байқауына қатысқан өнерпаз да, кезінде «жақынының көмегімен жеңіске жетті» деген сөзге іліккен.
Сара Амангелді, әнші:
- Жюрида Мейрамбек Беспаев отырды, көп кісі отырды ол кезде.
Сол кезде плюс қосылып кеткен екен. Бірақ бәрі айтып жатыр, жақсы айтып шықтың деп. Бірақ, бас жүлде беремін дегеннен кейін маған, біз плюс қосылып кеткенін білмегенбіз өзіміз де, мен күшті айтып шықтым деп ойладым.
Қазылар алқасында таныстарының болуы, әрі анасының танымалдылығы жарыста көптің наразылығын тудырса керек. Кейіннен, Сараға сайыста әнді өз дауысымен қайта орындап шығуға тура келген.
Сара Амангелді, әнші:
- Содан кейін, айттым маған бас жүлде бермей-ақ қойыңыздар. Осы жақта өнер көсеткеніме қуаныштымын деп, бірінші орынды алып кеттім.
Жетістікке жету үшін барын салған Амангелдіге бұл оқиға өмірлік сабақ болғандай. Көңілі қалған ол, содан бері түрлі сайыстарға қатысуға құлықсыз.
Сара Амангелді, әнші:
- Былай негізі байқауларға қатысқанды, содан кейін ұнатпай қалдым. Жүрегімде не қалып кетті де, қалай айтсам енді, өкпе ма. одан кейін ешқандай байқауға барған да жоқпын.
Дәл осындай оқиғаға тап болмаса да, «өзгенің арқасында жүр» деген сөздер Дильназ Ахмадиеваға жиі айтылған. Әншінің сөзінше, ет жақындарының танымалдылығы оған пайдаға қарағанда зиянын көбірек тигізген.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
- «Яшлык» тобында ағам өнер көрсетті, ал әкем Мұрат Ахмадиев болды. Оларсыз-ақ жетістікке жете алатынымды дәлелдеу үшін бар өмірім кетті. Халыққа расымен да дарынды екенімді көрсету керек болды.
Сондықтан әнші, нағыз дарын иегері, ешқашан жерде қалмайтынына сенімді.