Дәл осы клипте басты кейіпкерді сомдаған актриса да ғашық болудың қандай қиын екенін жақсы біледі. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Жанель Мақажан, енді екінші мәрте қалыңдық атанудың қамына кіріскен. Бір қызығы бұл бикештің емес, ұл-қызының таңдауы екен.
Жанель кинода тоқалдың кейпіне енсе де, өмірде атпалдай азаматтың бәйбішесі атануға ниетті. Бикештің бірінші некесі сәтті болмағанымен, бақытты ана бүгінде ұлы мен қызын тәрбиелеп отыр. Ендігі қадам – екінші мәрте тұрмыс құру. Бұл қос перзентінің өтініші екен.
Жанель Мақажан, актриса:
- Бұл сұрақты көбіне менің екі балам көтереді. Өйткені олар іні-қарындас, сіңіліні көргісі келеді. Сол себепті маған өте жиі айтып отырады.Тұрмысқа шығу әрине ойда бар. Алла қаласа осы 1-2 жылда болып қалады деген үміттеміз.
Қазіргі таңда қалыңдық атану жайлы тақырып Анар Батырханның да жанұясында жиі талқыға түседі. Бірақ 27 жастан асқан инстаграм жұлдызы, әлі күнге дейін өзіне жар болар жігітті жолықтырмаған.
Анар Батырхан, әнші:
- Барлығын қызықтыратын сұрақ. Енді Анара Батырхан қашан тұрмысқа шығады деп. Енді Алланың бұйрығымен, әрине. Жасың үлкейген сайын күйеуге шыққың келеді екен, тезірек балалы болғың келеді екен. бірақ бәрі Алланың қолында болғандықтан, енді кездестіретін шығармын. Өзімді түсінетін, қолдайтын, маған тірек болатын жігітті.
Айридың да ақ келін атанар жасы келді. Бірақ 25-тен асқан ару, әзірге әншілік мансабын алға қойып, жеке өмірін шетке ысырған. Музыканттар отбасында дүниеге келген Айгерім Рақышеваны ата-анасы да асықтырмайды.
Аyree, әнші:
- Негізі ата-анам маған қатты тиіспейді. Тұрмыс жайында. Олар менің шығармашылықпен айналысып жатқынымды біледі. Сондықтан ондай сұрақтарды туғызбайды. Сүйіктім өкінішке орай жоқ.