Канн сияқты, әйгілі Биллборд чарты да музыкадағы үздіктерді анықтауда! Ең табысты альбомдар тізімінде жаңа есім! Сонымен, Пост Малон мен Ариана Грандені басып озған кім?
Америкалық рэпер Logic-тің «Confessions of a Dangerous Mind» альбомы – ең табысты. Себебі оны дүниеге әкелу үшін Эминем, Уилл Смит, Gucci Man мен G-Eazy ат салысқан еді. Бұл 29-жастағы хип-хоп орындаушының 5-ші студиялық жинағы.
Кезінде де Кендрик Ламар мен Дрэйктің өзін альбомының тыңдалымы жағынан шаң қаптырған Logic, салауатты өмір салтын ұстанатын санаулы рэперлердің сапында. Балалық шағынан ата-анасының мейірімінсіз өскен ол, жанкүйерлеріне әрдайым білім алудың маңызын айтудан жалыққан емес.
Сондай-ақ, хип-хоп орындаушы жылдың басында өзінің шынайы есімі – Бобби Холл атымен «Supermarket» кітабын жарыққа шығарып, көпті таңқалтқан еді. Онда, қылмыстық істің үстінен түскен дүкен қызметкерінің оқиғасы баяндалады. Logic-тың бұл басылымы, The New York Times-тың пайымымен бестселлер атанып, рэп музыка тарихында аңызға айналды.
Хип-хоп әлемінде Logic-тай төңкеріс әкелмесе де, Билли Айлиштың музыка саласында жаңалық жасап жүргені жасырын емес. Биллборд тізімінде бойжеткеннің «When We All Fall Asleep, Where Do We Go?» әнжинағы екінші.
Үздіктер үштігін «Free Spirit» жинағымен Халид тұйықтайды! Бұл Грэмми марапаты иегерінің екінші студиялық альбомы.