Отандық киносүйер қауым үшін сүйінші хабар! Ақан Сатаевтың режиссерлығымен таспаланған «Анаға апарар жол» фильмі 24-ші мамырдан бастап АҚШ-та прокатқа шықпақ! Нақтырақ айтсақ, төл туынды Лос-Анджелес, Хартфорд, Хьюстон және Нэшвилл қалаларындағы кинотеатрларда көрсетіледі.
Американдық прокаттан кейін, яғни 90 күн өткен соң, бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы және VOD сандық таралымы арқылы тамашалауға болады. Еске салсақ, «Анаға апарар жол» тарихи драмасы 2016 жылы қыркүйек айында көрерменге жол тартқан болатын. Онда, өмірдің ауыртпашылығына төтеп берген, сұрапыл соғыстың қиындығын көріп, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдыры баяндалады