Сәбидің іңгәлаған дауысы Патшалық әулеттен де естілді! Гарри ханзада мен Меган Маркл ұлды болды! Айтулы күнді күллі әлем тағатсыздана тосқан еді. Енді міне, мұрагерге ат қоюда жанкүйерлер арасында талас туындап жатқан көрінеді!
Жағымды жаңалық британдықтарды бірден қуантты! Қуанышты хабарды ести сала, жергілікті тұрғындар Виндзор сарайының алдына жиналып, шаттық шеруін бастап кетті. Ал, сүйіншіні Гарри ханзаданың өзі сұраған еді.
Гарри ханзада:
- Бұл сезімді алғаш рет бастап өткеріп тұрғандықтан, ерекше толқу үстіндемін. «Әке» атағын сыйлаған жан жарыма рахмет. Қуаныштан төбем көкке жетуде!
Ақсүйек әулеттің мәлімдеуінше, Елизавета патшайымның шөбересі 3,2 келі салмақпен туылған. Бүгінде Меган мен кішкентай бөбектің денсаулығы өте жақсы. Бүгінде жұлдызды жанұяның ет жақындары да, қуаншытарын жасыра алмауда.
Уильям ханзада:
- Өзімнің сәбім дүниеге келгендей толқып тұрмын! Гарриға ұйқысыз түндер қоғамдық қорына қош келдің деймін! Енді, оған сәбиі үшін демалыстан бас тартуға тура келеді.
Патшалық жанұяның жанкүйерлері арасында тақ мұрагерінің есіміне қатысты қызу талқы басталды. Тіпті, сәбидің есімі кім болады деген сұраққа бас қатырған ағылшындар букмекерлік кеңселерде жаппай бәс тігуде. Ақсүйектер әулеті болса, көп ұзамай бөбектің есімін жария ететінін жеткізді.