Екью сынды, Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының репертуары да, жаңа туындылармен толығуда! Мәдениет ошағы Ұлы жеңіс күніне орай, «Бізге бір жеңіс керек» атты қойылымның тұсауын кесті. Алайда айтулы кешке келген қонақтарды, бұдан өзге тағы бір тосын сый күтіп тұрған еді!
Театрдағы тың тұсаукесер ерек тартуан басталды! Айтулы күнде өнер ордасына Дариға Нұрсұлтанқызы мен «Дегдар» қоғамдық қоры бірлесе, Вайнбах роялін сыйға тартты. Аспапта алғаш болып ойнау бақыты, Тимур Орманшиевке бұйырған еді.
Тимур Орманшиев, пианист:
- Бүгін театрда қос мереке. Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева керемет сыйлық жасады. Бұл музыкалы аспап театр қойылымдарын одан да қызығырақ, музыкалы болуына көмектеседі деп үміттенемін.
Жаңа аспаптың сүйемелдеуімен «Бізге бір жеңіс керек» қойылымы көрерменге жол тартты. Тұңғыш рет, халық назарына ұсынылған туындыға Ұлы Отан соғысы мен жеңіске жету жолындағы жанкештіліктер негіз болған.
Мақсат Сахиұлы, актер:
- Жалғыз қазақ елі ғана емес, кезіндегі бүкіл сол соғысқан кездегі елдің біріккендігін білдіреді, соны ұмытпас үшін бір жағынан да, бір жағынан да достық, өйткені ауызбіршілік достық болуы керек та. Ауызбіршілік болған кезде бәрі болады.
Сұм соғысқа қарамастан, түрлі ұлт өкілдерінің айрандай ұйып, жеңіс туын қалай желбіреткенін көрерменге жеткізу үшін күллі театр труппасы жұмылдырылған. Әсерлі қойылымда соғыс жылдары шырқалған әсем әуендер мен өрнекті өлеңдер жетерлік. Сезімге толы қойылым, келген қонақтарды бейжай қалдырмады.
- Өзімнің нағашы атам, ағам қайтыс болған, әкем де бір көзінен айырылды соғыстан кейін. Соларды еске салып, сондай толғанатын спектакль болды. Соғыс болмасын, тыныштық болсын елімізде!