EQ тобы қомақты қаржысыз ақ бейнебаян таспалауға болатынын дәлелдеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«EQ» тобы болса, шетелдік әріптестері сияқты шашылмай-ақ, тың туынды таспалауға шақырады! Жігіттер небәрі 100 мың теңгемен сапалы дүние шығаруға болатынына сенімді. Кью-поп өкілдерінің су жаңа бейнебаяны соның бір дәлелі болса керек!

«Lai» - «EQ» тобының жоспардан тыс жарық көрген бейнебаяны. Өнерпаздар аталмыш туындыны Беларусь еліне аттанған сапарында таспалауды қолға алыпты.

EQ тобы:

- Оны біз Минск қаласына жұмыс барысымен бардық яғни бейнебаян түсіруге. Біз қаланы көрген сәтте өзгеше әсер алып креативті көшелер, креативті қала болғаннан кейін бір шабыт ашылды жаңадан.

Осылайша шетелде шабыттанған «EQ», бұл еңбегі үшін айтарлықтай шашылмадық деп отыр. Әсем қаланың көрінісін бейнебаянға арқау еткен жігіттер тек әннің аранжировкасына ғана қаражат жұмсаған.

EQ тобы:

- Жаңағы ақшаларды біз жиып-жиып өзіміздің жаңағы камераға деген техникалық керек заттарымызды алып, мейк ап тағысын тағы жұмыстарын соларға ақшаны экономдап өзімізге осылай екінші жұмыс қосалқы ретінде алып алдық.

Өнерпаздардың «Танцы» клипімен қатар ұсынылған жұмысы, сапасы жағынан ешбір туындыдан кем түспейді дейді. Ал Мэри Сенн атты ресейлік блогермен бірігіп орындаған трек, «EQ»-дің екінші әнжинағының бастамасы болса керек.

EQ тобы:

- Біздің Мэри Сеннмен біріккен жұмысымз бұл, біздің екінші альбомның старты болып есептеледі. Яғни біздердің әндеріміздің, яғни біздің екінші альбомның бастамасы басталып кетті. Осы көктем айына соңына дейін, жаздың басына дейін деп ойлап отырмыз.

B.I.B қуанту үшін тыңбай еңбек етіп жүрген q-pop өкілдері, жуырда отандық өнерпаздармен де ортақ туынды ұсынуға ниетті.