Кира Наитли Chanel көрсетілімінде көзге түсті

Сообщить о проблеме с эфиром

Жағымды жаңалығымен қуантқан Кира Наитли Chanel көрсетілімінде көзге түсті. Актриса Клаудия Шиффер, Ванесса Парадимен бірге әйгілі сән үйінің круизды топтамасын тамашалауға келген еді.

Аталмыш көрсетілім Виржина Виардың «Chanel» креативті директоры ретінде ұсынған тырнақалды топтамасы. Сондықтан, келген меймандардың бар назары су жаңа үлгілерде болды. Ерек шоу «теміржол» тақырыбында әзірленген еді. Әйгілі брендтің бұрынғы дәстүрінен таймағанын киімдерден аңғара аласыз.

Моника Бакарди, продюсер:

- Карл Лагерфельдің өзі болмаса да, бұл топтамада оның қалдырған қолтаңбасы сезіледі. Меніңше, әрдайым осылай болып қала бермек.