Санжар Мәдиев пен Жандос Айбасов жаңа фильмде

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандастарымыз Санжар Мәдиев пен Жандос Айбасов та, кезекті туындысын таныстыруға асық! Қос актер монғолдықтармен бірлесе шытырманға толы картина таспалаған еді. Сөйтсе, олармен ортақ алаңда өнер көрсеткен шетелдік актриса жігіттерге ғашық болып қалған көрінеді.

Экшн, шытырман, полицейлер мен қарақшылар қырғыны! Қанды айқас арасында қазақ жігіттері - басты қылмыскерлер. Фильмде Санжар Мәди мен Жандос Айбасов бұзақылар бейнесінде.

Жандос Айбасов, актер:

- Былайша айтқанда интернационалдық. Бірақ, Монғолияда түсірілген. Продюсерлар монғолдар, оператор, режиссер олар АҚШ-тан келген. Қазақстан тарапынан біз Санжар екеуіміз, және Талғат Сембай ол пиратехник.

Халықаралық туындыда ең маңызды дүниелер отандастарымызға жүктелген. Боевиктегі бас кейіпкер – қарақшы Серік Ибраев болса, түсірілім жұмыстары оңайға соқпағанын жасырмайды.

Санжар Мәдиев, актер:

- Фильмнің 80 пайызы қолым кісендеулі болды, соның салдарынан қолым қажалып, қиындықтарға тап болдым. Одан бөлек, денемнің бәрі көгеріп қалды. Себебі, Жандос екеуіміз өзіміз каскадер болғандықтан, шынайы төбелестік.

Қазақ жігіттерінің мұндай жанкештілігі мен қайсарлығы монғол актрисасының жүрегін бірден жаулап алса керек. Фильмде Санжардың сүйіктісін сомдаған ару, өмірде де өнерпазға ғашық болып қалған көрінеді.

Цэцэг Бямбаа, актриса:

- Бұл менің қазақ актерларымен алғаш жұмыс істеуім. Олар өте дарынды, мықты әртістер. Шынымды айтсам, олардың жұмысына ғашық болдым.

Амарсайхан Балжинням, актер:

- Қазақ актерлары өте ақылды, жақсы жігіттер. Олармен жұмыс істеудің өзі үлкен ғанибет. Жалпы, фильм бірнеше елдің еңбегі бірлескен еңбегі болғандықтан, жақсы тәжірибе жинақтадық.

Қуанышқа қарай, бұл тәжірибе, мұнымен шектеліп қалмақ емес. Бірден бірнеше ел киногерлерінің басын қосқан туынды, сәтін салса болашақта өз жалғасын таппақ.