Әуелде алты жылға айыпталып, кейін кінәсіз деп танылған Әлімбекованың мәселесі барша жұртқа аян болғанымен, әншінің шынайы жан-айқайы біздің камераның объективіне ілікті. Сөздің шыны керек, Гауһар дәл бұлай ешқашан қуанбаған шығар...
Бұл оқиға Әлімбекованы әбігерге салған сот ісінің финалында орын алды. Соңғы шешімге қатысты пікірін білдіруге бекінген әншінің адвокаты, Гауһардың мүлдем басқаша болмысына куә болған секілді.
Абзал Құспан, Г. Әлімбекованың адвокаты:
- Мен ешқандай іске, отбасылық жағдайыма байланысты араласатын жағдайда болған жоқпын.
Бұл қуаныштың жан-айқайы! Әдетте сырт көзге жүздері қатулы көрінетін қорғаушылардың көңілі көтерілсе, күлетінін байқадық бұл жолы.
Абзал Құспан, Г. Әлімбекованың адвокаты:
- Осы жерін кесіп тастайтын болдыңыздар енді
Бейбіт күнді тарту кеткен авдокаттарға Әлімбекованың ағынан жарылып, алғыс айтуы да орынды.
Абзал Құспан, Г. Әлімбекованың адвокаты:
- Қазір шыны керек көреміз. Қазір ойластырамыз. Гауһар шешеді!
Гауһар ақталды, адвокаттардың еңбегі еш кеткен жоқ.
Гауһар Әлімбекова, әнші:
- Бәрібір түбі бітетін шығар, бітетін шығар деп, үш жыл бойы осылай үйге келемін де көзімнің жасын сығып-сығып аламын.
Елге танымал тұлғалар тек сот маңында емес, сахна сыртында да ерекше эмоцияға беріледі.
Маржан Арапбаева, әнші:
- АААА... Жаным, жаным
Сұхбат кезінде шабыты келсе ән салуға әзір...
Жазира Байырбекова, әнші:
- Мынадай кішкентай бала болып, домбырамен келгенмін.