Әлемдік киногерлер, Квентин Тарантиноның жарық көрмеген туындысына «Жыл фильмі» деп айдар тақты. Көптің пікірінше «Кезінде Голливудта» лентасы ең үздік атануға лайық. Енді аталмыш фильм «Канн» фестивалінде өз бағын сынамақ!
Леонардо Ди Каприо, Брэд Питт және Марго Робби сынды танымал актерлық құрамнан жасақталған фильм комедияға толы драма болмақ. АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп таспалаған лента сонау 1969 жылғы оқиғаны суреттеген.
Джуд Лоу өзінің сүйіктісімен заңды некеге тұрды. Актер 32 жастағы ғашығы Филлипе Коэнмен 4 жылдан бері бір шаңырақ астында тұрып келген еді.
Жұлдызды жұп күні кеше Лондон қаласында ресми түрде отбасы атанды. 46-ға келген Джуд Лоу алғашында үйлену тойын Франция елінде дүркіретіп атап өтпек болған екен. Алайда, қос ғашық тек жақындарының арасында кішігірім салтанатты жиын өткізді.
Кино жұлдыз Кира Найтли екінші мәрте ана атанбақ. Актриса жасырып келген жүткілігімен көпшілік алдына шықты. Кира Найтлидің бүгінде Эди есімді 3 жасар қызы бар. Бикеш өзінің күйеуі Джеймс Райтомен 2013 жылдан бері бақытты жанұялардың бірі болып келеді. Себебі музыканттың ішімдікке құмарлығына қарамастан, жұп үлгілі отбасылардың қатарында. Кираның ғашығы Джеймс - британдық атышулы «Klaxons» тобының мүшесі.