Канн фестивалінің әділқазылар алқасы анықталды

Сообщить о проблеме с эфиром

Канн фестивалі болса, кезекті картиналардың тұсауын кесуге әзір! Әлемнің ең беделді киносайысы жаңа маусымына дайындық жұмысын бастап кетті. Мәселен, айтулы жарысты кім басқарып, қазылар алқасының құрамы қандай өнерпаздардан құралатыны белгілі болды.

Бұл жолы қара қылды қақ жарып, сайыста әділ шешім қабылдау жауапкершілігі Алехандро Гонсалес Иньярритуға тапсырылып отыр. Өнерпаз төрт бірдей «Оскар» марапатының иегері ретінде белгілі. Ал, киногерге қазылық етуде режиссерлар Йоргос Лантимос, Павел Павликовский мен Энки Билал, актриса Эль Фаннинг, сценарист Робен Капийо көмектеспек. Еске салсақ, 72-ші Канн кинофестивалі 14-і мен 25-і мамыр аралығында өткізіледі деп жоспарлануда.