Дизайнер Айжұлдыз Адайбекова бұдан-былай q-pop өкілдерін киіндірмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер өкілдері болса, су жаңа топтамасын таныстырған Айжұлдыз Адайбекованың киімдерін сатып алуға асық! Әнші Жанар Айжанованың қызы, Kazakhstan Fashion Week аясында үлгілерін ұсынған еді. Енді, жас дизайнер күллі кью-поп орындаушыларын киіндіруге әзір!

Тырнақалды топтамасын халыққа таныстырған Айжұлдыз, үлгілерін жаңа толқын өкілдеріне арнайды. Жас дизайнер топтамасын небәрі 1 айдың ішінде әзірлеп шығарған екен.

Айжұлдыз Адайбекова, жас дизайнер:

-Айжұлдыз неліктен өз брендіңізді «Монд» деп атадыңыз? -Себебі, мен Германияда жарты жыл оқыдым. Неміс тілінде «Монд» деген ай дегенді білдіреді. Сол себептен өз брендімді ай деп атадым.

- Бұл менің ең лағашқы қадамдарымның бірі. Сол себептер үлкен әйгілі дизайнермін деп айта алмаймын. Бірақ, бұл тек бастамасы, бірақ енді тоқтағым келмейді.

Көрсетілім алдындағы абыр-сабыр арасында Айжұлдыздың анасы – әнші Жанар Айжанова да бар. Өнер өкілінің айтулы сәтте уайымға салынғанын аңғаруға болады.

Жанар Айжанова, әнші:

– Жанар ханым, енді сіз қызыңызға қарағанда, өзіңіз қатты қобалжып жүрген сияқтысыз. -Ой менің жүрегім дүрсілдеп, мен өз концертімнің алдында да бүйтіп қобалжымайды екем. Бес сағат болды осы жерде жүгіріп жүрміз, бірақ елдің қошеметін көрдім. Әрқайсысына шыққанда қол соғып отырды. Енді, әркімдікі өзіне керемет болып көрінеді, маған өз қызымдыкі керемет болып көрінеді.

Жас дизайнерді құттықтауға асыққан жұлдыздар көп болды. Соның бірі - Айжан Нұрмағанбетова. Қадірлі қонақтардың арасында q-pop өкілдері де жетерлік.

C.C. TAY – әнші:

– Нағыз жастарға арналған, қазіргі таңдай айтадығой кью-поп әншілеріне арналған киімді көп адам, дизайнерлер тіге бермейді. Оның бірі Биббота, Рау сияқты 1-2 дизайнерлер бар. Және де барлығымызға әртүрлі болу үшін әртүрлі дизанер керек деп ойламын. – Енді Айжұлдыз киіндіретін шығар сізді. – Әрине, енді сабақтан босаса. Жақында MDee-дің бейнебаянында дизайнер болғанын білемін, енді менің бейнебеянымда дизайнер болады деп ойлаймын.

Томирис Жанғазинова, әнші:

– Қателеспесем, сіз Айжұлдызды қолдауға келдіңіз? -Әрине, әрине Айжұлдызды қолдауға келдім. Мен қуаныштымын қазір біздің жастарымыз жаңа бағытта осылай қозғалып жатқанына.