10 жылдан астам үзілістен кейін, халықпен қайта қауышқан Қапкарашканың экс-ғашығы, енді Керменбаевтың досымен жақын байланыс орнатыпты. Жанар Хамитова тың жоспарымен, қандай мақсатты көздеп отыр?
«Арнау» тобының бұрынғы әншісімен дуэт құрған – Рысбек Аташ. Әріптестердің өнердегі тандеміне Сиви себепкер болған. Ескі достарды жолықтырған да Махмұттың қызы.
Рысбек Аташ, әнші:
- «Давай, Жанармен айтсаң қалай болады», деп Сиви айтқаннан кейін, білмеймін қалай болар екен деп айттым әңгіменің ашығы керек. мен Нұржанмен бір сөйлесейінші деп айттым. Ондай хайп қуалайтын ойым болса, басқаша дүние болар еді.
Қара балаға хабарласқан Рысбек, досынан мардымды жауап алған. Яғни, Керменбаев Аташ пен экс-сүйіктісінің өзара байланысына шығармашылық көзақараспен қараған. Ал, жеке өмірін жалпақ жұртқа жария қылғалы, Жанар елдің аузында жүр. Ғаламтордағылардың бір тобы бұл бикешке қолдау көрсетсе, енді бір легі сынап әлек. Бірақ халықтың кереғар пікіріне қам жеп жүрген Хамитова жоқ!
Жанар Хамитова, әнші:
- Мен білмеймін. Әр адамның өз ойы бар шығар. Біреуге дұрыс, біреуге бұрыс. Біреуге керіс, біреуге теріс. Білмеймін, әр адамның өз ойы бар. Өз пікірі бар. Дұрыс қой.
Нұржан мен Жанардың «махаббат хикаясы» Рысбектің әлі күнге дейін көз алдында. Өйткені өнерпаздар осыдан 10 жыл бұрын пәтер жалдап, бір нанды теңдей бөліскен. Аташтың айтуынша, қара бала мен Хамитованың өткен шақтағы сезімін дәл қазір талқылаудың қажеті шамалы.
Рысбек Аташ, әнші:
- Ол нәрсе талқыланбағаны дұрыс қой. Себебі өткен нәрсе өтті. Келер нәрсе келді. Қазіргі болып жатқан осы шақтағы дүинеге еш нәрсе әсер етпеу керек. сол себепті өткен шақ кесірін тигізбеген дұрыс қой негізі. Білімді адамның не ойлағанын үш жылдан кейін бір білесің дейді. Болар елдің балалары болғаннан кейін, болатын әңгіме айтып жүрген абзал шығар. Адам болғаннан кейін не болмайды, бәрі болады ғой.
Рысбек Аташ пен Жанар Хамитованың қосыла шырқаған туындысы «Айтқым келеді» деп аталады. Баянсыз махаббатты суреттейтін клип, келер айда жарыққа шығады.