Жұлдызды айқас көрерменін қуантпақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі «Жұлдызды айқас» лентасы болса, көрермендеріне таптырмас мүмкіндік сыйламақ! Фантастикалық фильмдегі сарбаз -Дарт Ве́йдердің костюмі бәссаудаға қойылды.

Қаһарманның киімін – 1979 жылы дизайнер Джона Молло әзірлеген еді. Лондон қаласында арнайы дайындалған образды, киногерлер «Жұлдызды айқастың» алты бөлімінде қолданған.

Дарт Вейдер – ғарыштағы патшалықтың иесі. Ол қара күштің арқасында өзінің жауларына төтеп берумен танымал.

Дәл осы кейіпкердің образын кию үшін 25 минут уақыт кететін көрінеді. Ал костюмнің аукциондағы бастапқы бағасы 2 млн доллар.

Кэтрин Улльямсон, музей директоры:

- Біз тек қана костюм ғана емес, талай жыл көзіміздің қарашығындай сақтап келген мұрамызды ұсынып отырмыз. Сондықтан бәссаудадағы бастапқы баға тұрарлық деп ойлаймын.

Дарт Вейдердің образын сомдап, дыбыстаған Брайс Эллер аукционның қадірлі қонағы болды.

Брайс Эллер, актер:
- Мен үшін бұл кейіпкер тұлға болып кетті. Екеуміздің арамызда бір эмоционалды күш пайда болды десем болады. Алайда қоштасатын уақыт келді. Оны «Жұлдызды айқастың» нағыз фанаты иеленуге лайық.

Бәссауда мамыр айының 14-не дейін жалғаспақ. Ал «Жұлдызды айқас» фильмінің табынушылары сүйікті кейіпкерлерін 19-ші желтоқсанда көре алады. Ол су жаңа «Скайуокер. Шығыс» лентасы болмақ