Қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов бұдан-былай актерлік мансабын тоқтатпақ! Майталман әртіс халықпен қоштасу ретінде ең соңғы картинасын ұсынды. «Әруақ» атауына ие болған туындыда өнерпаз өскелең ұрпаққа өсиетін қалдырған.
Әрбір актерды жетістікке жетелейтін де, кемшілігін зерделейтін де, шығармашылықтың шыңына шығаратын да көрермен екені хақ. Мұны жақсы ұғынған қазақ киносының мэтрі, мансабының соңғы нүктесін фильм арқылы қойып, халқымен қоштасуды жөн көрді. Алайда, ақырғы картинасының тұсаукесеріне Асанәлі Әшімовтың өзі келе алмады.
Қуат Ахметов, режиссер:
- 2013 жылы Әшімов өзінің идеясы бойынша сценарий жазып, фильм таспалауды ұсынды. Ол бұл оның кинодағы мансабын аяқтайтын ақырғы аққу әні болғанын қалады. Онда оның көрерменге айтқан монологы, көрерменмен тілдескен диалогы болғанын қалады.
Отандық көрерменге жол тартқан туындыға, ешкімі жоқ, тек жетім баланы панасына алып ғұмыр кешкен қарияның өмірі негіз болған. Жапан даладағы данагөйге бүгінгі мен бұрынғы өмір туралы терең ойлары маза бермейді.
Тамирис Жанғазинова, актриса, әнші:
- Бұл жерде үлкен философия жатыр деп ойлаймын. 09:40 Асанәлі Әшімов атамыздың бұл ең соңғы туындысы деп айтып жатыр ғой. Сол үшін бұл үлкен, үлкен мәртебе сол кісімен түсу.
Әшімовпен бұрыннан етене таныс жас өнерпаз Тамирис Жанғазинова, майталман киногермен ортақ туындыда түсуді көптен бері армандағанын жасырмайды. Одан бөлек, Гүлнар Досматова да картинада бой көрсетеді.
Гүлнар Досматова, актриса:
- Бүгінгі жастардың барлығы тарихы мен түп тамырын ұмытып кеткен. Лента арқылы, өскелең ұрпақ қазіргі қариялардың қандай күйде жүргенін сезінсе деймін.
Канн кинофестивалінің аясында туындының тұсауы кесілген болатын. Енді, Әшімовтың бұл фильмі үлкен экрандарға жол тартпақ.