Жұлдызды патилерде әрдайым бірге бой көрсететін Азамат Сатыбалды мен Иманбаеваны желідегілер әлдеқашан жұптастырып үлгерген. Тіпті, Айгүл танымал актерды «отағасы» деп атайтын көрінеді. Қос өнерпаздың қарым-қатынасындағы құпияның құлпы бүгін ашылады!
Көпшіліктің күдігін оятқан дәл осы видео. Сауық кештердің бірінде бидің түбін түсірген Азамат пен Айгүлдің қылығына желідегілердің бір легі түсіністік танытса, екінші тарап әріптестердің әрекетін әбестікке балаған. Қазнетте қызу талқыға түскендерін қос өнерпаз да жақсы біледі. Бірақ жұрт назарын аударуды өздері үдетіп әлек. Тіпті, тойға барса ақ тілекті бірге ақтарып, құдды бір ерлі-зайыптылар секілді.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Отбасымыздың деп бастап кетсең... (күледі) Айгүл екеуміздің жақсы көретін ағаларымыздың бәрі. Айгүл екеумізге қашанда қолдау көрсетіп жүреді. Айгүл екеумізді ешқашан концертетн қалдырмайды деп бастасаң. (күледі)
Айгүл Иманбаева, актриса, әнші:
- Біз бір үйден бір адам ғана сөйлейді ғой. Отағасы сөйлегеннен кейін бірден қосыламын.
Бұл әріптестердің өзара әзілі екен! Азамат алғаш рет Айгүлмен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашып айтты.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Біз үйреніп қалдық. Оның үстіне ел солай айтады, солай жазады. Айтқысы келгендер айта берсін, жазғысы келгендер жаза берсін. Біз өзімізге бір-бірімізге сенімдіміз ғой. Айгүл менің досым екенін білемін. Мен оған доспын, ол маған дос. Екеуміз тіпті отбасымызбен араласып кеткен адамдармыз. Сондықтан да онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Сатыбылды мен Иманбаева студент кезден таныс, қос өнерпаз бұрыннан шығармашылық байланыста. Олар келешекте театр сахнасында бір спектакльде серіктес болуды жоспарлап жүр.
Айгүл Иманбаева, актриса, әнші:
- Шығармашылығымыз өте тығыз байланыста. Өте жақсы жоба алда жасаймыз!
Азаматтың некелі жұбайы – актриса Назгүл Қарабалина! Ерлі-зайыптылар 15 жылға жуық «Махаббат дастаны» қойылымында Қозы мен Баянды сомдады. Сатыбалды сүйгенінің көңіліне кірбің түскенін қаламайды және соңынан ерген қаңқу сөздерді де елемейтін болып шықты.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Мән беретін менің уақытым да жоқ. Егер оның бәріне жан-жағыма былай қарай беретін болсам, мен жетер жеріме, алға қойған мақсаттарыма жете алмаймын. Сол үшін мен басында болғанмын, солай келе жатырмын.
Бүгінде Азамат пен Назгүлдің отбасында Сұлтан есімді ізбасары өсіп келеді.