«Мафия мен Тақия» әзіл ошағының оты өшті. Дәл осындай қауесет таратқан аталмыш театрдың экс-актеры, сол орталықтың басшысы Жанатбек Бәйтековтің ашуын тудырып отыр. Жалған ақпаратты естіген директор, енді шәкіртіне қандай шара қолданбақ?
Жанатбектің жетекшілігіндегі жобада жұмыс жасаған жігіттер, бірнеше жыл аталмыш орталықта тер төккен. Бірақ, бүгінде бөлек кеткен өнерпаздар, «Мафия мен тақия» театры тарады деп хабарлаған еді.
Бауыржан Бәкіров, актер:
- Иә, таралып, тарқалып кеткен ғой... Ол жерде жұмыс болмағаннан кейін, ары қарай қарқынды болмағаннан кейін келген жігіттер болып кеттік.
Алайда, Жанатбектің шәкірті айтқан ақпарат жалған болып шықты.
Жанатбек Бәйтеков, актер:
- Олар жұмысы жүрмегеннен кейін шығып кетті ме екен? Солар келіп менің көзіме айтала ма екен осы нәрсені? «Мафия & Тақия» алдағы уақытта шығады, Алла қаласа! Оған енді қазір жұмыстар жасаланып жатыр біраз.
Айтпақшы, «Нысана» ұжымы арқылы танылған актер да, Әбунасыр Серіковтің қол астынан кетіпті. Себебін сұрағанымызда...
Жарас Ахметов, актер:
- Әбунасыр ағамыз дәл қазіргі сәтте өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, кино саласында өте қатты көңіл бөліп жатыр.
Қазіргі таңда кинонарыққа қарқынды қызмет етіп жүрген Әбекеңнің, театрдағы жұмысының тоқтауына сырқаты себеп болған.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Үш жылдан асып кетті менің мойныма «грыжа» шығып, соны емдедім. Оны емдегенде қол сынып кетті. Одан кейін анамыз дүниеден өтті. Сосын балалар отыра бере ме? Балалар да ақша табу керек!
«Мафия мен Тақия», «Нысананың» экс-актерларын, «Шаншардың» бұрынғы мүшесі басқармақ.
Ғалымжан Қаппаров, актер:
- Мен енді 6 жыл бар өнерімді «Шаншарда» көрсеттім деп ойлаймын. Ары қарай кете берудің керегі жоқ. Өйткені бір театр ашуға шамам келді.
Әр театрдан кеткен тағдырлас актерлар, өздерін «Қашқындар» ұжымы деп атап қалжыңдайды екен.