Кендалл Дженнер болса, сіңлісі Кайли сынды миллиардер атанғысы келеді! Қалай да ет жақынының жолын қууды көздеген ару, жарнамалардан бас тартпай жатқан сыңайлы. Соның бірі – әйгілі әшекей бұйымдарының бейнеролигі болды
Әйгілі сәнқой Каролин Мерфи, Имаан Каммам сынды танымал әріптестерімен бірге «Tiffany» -дың бетбейнесі атанған. Түсірілім барысында, ашыла сұхбат берген ару күллі нәзік жандыларды өзіне сенімді болуға шақырды.
Кендалл Дженнер, сәнбике:
-Әрбір ару кемшілігіне қарамастан, өзін-өзі сүйе білуі керек. Менің жеке стилім бар. Сол сияқты сіз де жеке тұлға болуға талпыныңыз.
Ерек түсірілімнің тақырыбы теннис ойындарына арналған еді. Камера алында барын салған сәнбике, аталмыш спорт түріне қаншалықты жақын екенін де айтып өтті.
Кендалл Дженнер, сәнбике:
- Шынымды айтсам, әулетімізде Кортни мен Кейн бұл ойынды жақсы ойнайды. Одан бөлек, отабсымызбен бірге карта ойнағанды ұнатамыз.