Марвел кейіпкерлері болса, Солтүстік Кореядан табылды! Әйгілі «Кек алушылар» Сеул қаласына көптен күткен лентаны таныстыру үшін келген еді. Ал, халық алдына шыққан Роберт-Дауни кіші бидің түбін түсірген көрінеді. Қысқасы, бұл шоуды бірге тамашалайық.
Марвелдықтар кореялық жанкүйерлермен кездесуге толық құраммен келмесе де, кеш көптің есінде қалуы үшін барын салды. Роберт Дауни-кіші, Джереми Реннер және Бри Ларсон бастаған актерлар шарада шоумендерден кем түспеді.
Халық сүйіктілерінің ерек биі талайды таңқалта алғандай. Соның бірі -кинода «Темір адам» кейпіндегі Роберт Дауни болды.
Роберт Дауни-кіші, актер:
- Осыдан 10 жыл бұрын қолыма микрафон берген сәтте, қалай қолданарымды да білмедім. Ал, бүгінде сенімділік серігім болды.
Өз кумирлерімен қауышқан корейліктер болса, жұлдыздарды түрлі сұрақтың астына алды. Әсіресе, «Капитан Марвел» образын сомдаған Бри Ларсонға сауал көп.
Бри Ларсон, актриса:
- Шынымды айтсам, менің қаһарманым нәзік жандылар үшін басты қаруға айналып отыр. Себебі ол әйелдердің, ер азаматтармен тең құқылы екенін дәлелдейді.
Суперқаһармандарды жақыннан көру үшін жиналғандардың қарасы мол болды. Тіпті, халықтың көптігінен стадионда ине шаншыр жер қалмады.
Ли Чжи Ын, жанкүйер:
- Мен билет таусылып қалғанын естігенде, қатты қапаландым. Алайда ұйымдастырушылар суперқаһарман образымда келгенімді көріп, кешке қатысуыма мүмкіндік сыйлады.