Анджелина Джоли өзінің тегін ауыстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аружанның әріптесі Анджелина Джолидің ресми түрде басы бос! Күні кеше күйеуі Брэд Питтпен заң жүзінде ажырасқан актриса тіпті, тегін ауыстыруға асыққан көрінеді. Енді, оны қалың көпшілік қалай атамақ?

Анджелина Джоли экс-күйеуіне тиесілі барлық дүниелерден бас тартты. Тіпті олардың арасына, жұбайының тегі де кірген көрінеді. Отау құрмас бұрын Джоли Войт болған жұлдыз, Брэдке қосылғалы Джоли-Питт атанған еді. Енді басы босаған ару, тек өзінің атасының атын қалдыруды жөн санаған.

Алисия Викандер «Лара Крофт» фильмінде Анджелинаның орнын басқан еді. Енді, міне актрисаның қатысуымен сиквелдың тағы біт бөлімі жарық көрмек. Бұл жолы, батыр қыздың хикаясын жазуды - Эми Джамп қолға алмақ. Еске салсақ, туындының алғашқы бөлімі 274 млн долларға кенеліп, өзіндік рекорд орнатқан еді.

Джастин Бибердің басы дауда! Музыкантты фотографтардың бірі сотқа берді! Осыдан екі жыл бұрын, жас әнші папарации қызметкерін көлігімен қағып кеткен. Кейіннен жәбірленушінің емін толықтай төлеп, заң алдында жауап беруден кұтылған да еді. Алайда, арызданушы денсаулығының енді ғана сыр бергенін айтып, өтемақы талап етуде.