Қытайда «Сазгер» картинасының әлемдік тұсаукесері өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Берік Айтжанов әлімнің кіл мықты киногерлерімен бірге Халқаралық Бейжің фестивалінде төбе көрсетті! Отандық актер аспан асты еліне «Сазгер» картинасының тұсауын кесуге арнайы барған. Еске салсақ, бұл туындыны қытай мен қазақстандықтар бірлесе таспалаған еді.

Қос елдің киногерлері Бейжің халқаралық кинофестиваліне де туындыны таныстыру үшін бірге қатысты. Атамыш жоба Қытай мен Қазақстан қосыла таспалаған алғашқы кинотуынды саналады. Ондағы басты рөлдердің бірі - Берік Айтжановқа бұйырған еді.

Фильмнің сюжетіне қос елдің дарынды композиторлары Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдың Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы достығы негіз болған. Қазақ сазгерінің рөлін - Берік Айтжанов, ал Си Синхайды қытайлық Ху Джун сомдаған. Сондай-ақ, түсірілімге Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова сынды қазақстандық актрисалар қатысқан.

Аружан Жазылбекова, актриса:

-Соғыс жылдары ол белгілісіз бір себептермен Алматыға келеді. Сол сәтте оны дирижер Бақытжан Байқадамов өз үйіне тұрғызып, көмек көрсетеді. Маған Бақытжан Байқадамовтың әпкесінің рөлі бұйырды.

Түсірлім жұмыстары 2017 жылы басталған кинолента екі ел аумағында таспаланған болатын.

Аружан Жазылбекова, актриса:

- Қазақ актерлары, яғни біз қытай режиссерымен ым арқылы тілдестік. Себебі ол не орысша, не ағылшынша сөйлемейді. Ал, біз болсақ қытайша түсінбейміз.

«Сазгердің» тұсауы кесілген Бейжің халқаралық кинофестивалі Қытайдың беделді киносайыстарының бірі болып саналады. 2011 жылдан бастап, дәстүрлі түрде ұйымдастырлырып келген шараға қатысуға биыл 85 елден 775 кинотуынды үміт білдірген.