«Брат или брак» картинасымен етене таныс Дәурен Серғазин, бұдан-былай режиссерлықты байқап көрмек. «Жастар» театрының белді актері әзірге қойылымдарға жетекшілік етіп, тәжірбие жинап жүр. Өнер иесінің ендігі мақсаты қандай?
Көрерменнің көңілін тапқан Дәурен, бүгінде «Жастар» театрының белді актері. Осыдан 12 жыл бұрын аталмыш мәдениет ордасының құрылуына септігін тигізген ол, енді режиссерлықтың қыр-сырын меңгеріп жүрген көрінеді.
Дәурен, Серғазин, актер:
-Сәтін салып жатса ниет бар, бірақ енді оған көп тәжірбие керек көп білім керек. Мүмкін болып қалармыз, ол да ғажап емес. Театрда премьералар өте көп, өзім кейде режиссер ретінде де қойылым қоямын.
Таланты өнерпаздардан құралған «Жастар» театры, еліміздің әр аймағын гастрольдік сапармен аралуды дәстүрге айналдырған. Оңтүстік астанаға бет бұрған актерлар, халыққа «Жанарымдағы жалғыз әуен» спекталін ұсынды.
Мейірғат Амангелдин, актер:
-Бүгінгі спекталкь енді қарасаңыздар әуенге құралған. Әуеннің ішінде жалпы жәй ғана әуен емес, осы әндерді тірілтуге тырыстық, осы әндерге жан беруге тырыстық. Әр ән өзіне бір спектакль көрермендерге біздің мақсатымыз соны жеткізе білу.
Театр труппасынан табылған Мейірғат Амангелдин де соңғы кездері кино арқылы әйгіленіп жүрген жайы бар. Әсіресе, «Каникулы оффлайн» комедиясы жас актерге танымалдылық сыйлаған.
Мейірғат Амангелдин, актер:
- Театрда көрермендерім артқан шығар, бір көрермендері сол кино арқылы танып театрға келіп жатыр ол бір жақсы жағы. Каникулы оффлайннан кейін кішкене балалар жақсы көре бастады.
Енді, «Жастар» театры Түркия еліне аттанбақ. Өнерпаздар онда 20-сы мен 29-шы сәуір аралығында өтетін халықаралық фестивальде бақ сынайды.
Дәурен Серғазин, актер:
- Екі үш күннен кейін Турцияға, Конья қаласына фестивальге бара жатқан бетіміз бар. Жібек мюзклін алып бара жатырмыз. Біз барып 20 сы күні фестивальді ашамыз Жібек мюзикілмен.