Мстители болмаса да, Сара Амангелді отандық фильмдерге түсіп азулы актриса атанудан дәмелі еді. Алайда, оның бұл қылығын құп көрмеген оқырман, «анаңның арқасында кинода жүрсің» деп аруды жазғыруда! Енді, өнер иесі ел сөзі үшін мансабынан бас тартпақ па?
Әуел бастан, Сараның сахнада жүргенін анасының ықпалымен байланыстыратындар көп болды. Халықтың бұл пікірін, соңғы кездері әнші қыздың киноға түсуі өршіте түскендей. Алайда, ару жағымсыз жазба қалдыратындарды еш түсіне алмай дал.
Сара Амангелді, әнші:
- Енді, ол басынан не секрет, сөйтіп айтады. Енді, ол менің анам болғаннан кейін түсіргісі келеді, баласы ғой. Үйреніп қалдым, шыны керек. Анамның үмітін ақтағым келеді.
Осылайша, әнші өнерде ет жақынының арқасында жүру тұрмақ, өзіне арнап продюсер анасы тұтастай телехикая таспалағанын жасырмайды. Одан бөлек, Сара түсіп жатқан кезекті киноның сценариінен бастап, актерлық құрамына дейін Амангелдіге сай етіп таңдалынған.
Сара Амангелді, әнші:
- Шынымды айтсам, мен түсіп жатқан кезде менің анам қасыма жоламайды. Өйткені, мен амамды көрсем қобалжып, асырып ойнауым мүмкін, ол болмаса жасырып. Сондықтан да, екеуіміз көп кездеспейміз бұл жақта.
Гүлнұр Мамасарипованың қызын әйгілі ету жолындағы түрлі жанкештілігі зая кетпегендей. Сара Амангелді бүгінгі танымалдылығына дән риза.
Сара Амангелді, әнші:
- Көп жерлерде мені кәдімгідей танып жатады. Сол қызба, мә басқа екенғой түрі, азып кетіпті деген сияқты. Қатты әсерін тигізді, менің танымалдылығымды көбейтті десем де болады. Жаңағы көрермендерге көп рахмет, алғысым шексіз.