Қазақстандық әнші Mona Songz жайлы

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық өнерпаздар ТНТ арнасындағы «ПЕСНИ» шоуында ресейлік жұлдыздарды талантымен тәнті етіп жүр. Соның бірі - Mona Songz есімімен танылған жас музыкант. Ән бәйгесінің бірінші кезеңінде, Тимати мен Бастаның көңілінен шыққан Манарбектің, эксклюзивті сұхбаты келесі сюжетте.

Mona Songz, ресейлік Black Star лейблы мен «Газгольдер» бірігіп ұсынған жобаның алғашқы сатысыннан сүрінбей өтті. «Варнава возвращается в Павлодар» трегін орындаған өнерпазға продюсерлер таласқа түскен.

Mona Songz бұл музыкалық додада бақ сынаймын деп еш ойламаған екен. Жас жігіт «ПЕСНИ» шоуына аяқ асты жолы түскенін айтады.

Mona Songz, әнші:

-ТНТ шоуына, ең бірінші мен ол туралы инстаграмда көрдім. Содан кейін балалармен жиналып, бәріміз Екатеринбург қаласына бардық. Содан басталып, бәрі содан басталды.

Павлодар қаласының тумасы – 23 жастағы Манарбек Жұматай, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақ ұлттық өнер университетінің», эстрада вокал мамандығы бойынша 4 курста білім алады.Талантты студент аталмыш байқауда гитарамен ән шырқап, көптің көңілін тапқан.

Mona Songz, әнші:

-Ресейлік жұлдыздарына менің көзқарасымда, оларға ұнаған сияқты болды.

Mona Songz-дың қоржынында 2 бейнебаяны мен бірнеше трегі бар. Ол танымал әншілердің хиттеріне кавер айту арқылы өнерге қадам басқан екен.

Манарбек бүгінде «ПЕСНИ» жобасының екінші маусымына қызу дайындыққа кіріскен. Музыкант аталмыш ән аламанына қатысқан сәттен бастап, өмірім күрт өзгерді деп отыр.

Mona Songz, әнші:

-Қолдап жатқан кісілер көп, адамдар көп. Олар менің жолдастарым, достарым және де ата-анам ең біріншіден, өнерде жүрген достарым да қолдап жатыр. Бәріне ұнап жатыр менің қазір ТНТ-да қатысып жатқаным.