Айдана Меденоваға жағымсыз пікір жазып, көңіліне кірбің түсіргісі келетіндер көп. Алайда, әнші ару ашуын ақылға жеңдіріп, кезекті бейнебаянын «хейтерлерінің» құрметіне арнауға бекініпті. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Меденованың «Тәтті дауыс» туындысын тек роботтардың таспалағаны есімізде. Бұл жолғы жаңа бейнебаянын, Айдана еліміздің ең мықты операторының біріне сеніп тапсырған. Камераның тұтқасын Азамат Дулатов қолына алса, режисерлық таққа Ерік Тастембековтың ұлы – Дамир жайғасыпты.
Айдана Меденова, әнші:
-Өте күрделі бейнебаян болады. Бұл идеяны біз жарты жылдай ойландық. Техника жағынан да өте күрделі болады, образдар өте көп болады. Мен үшін ерекше бейнебаян.
Туындының тақырыбы да әншінің бұрынғы еңбектерінен өзгерек.
Айдана Меденова, әнші:
-Қазіргі заманда аяқтан шалып, жаман сөздер жазатын сен туралы өмірде білмесе де, бәрібір ештеңе ұнатпайды. Енді бес саусақ бірдей емес, оны барлығымыз түсінеміз. Бірақ та, көңілге тиетін заттар жазатын адамдар бар.
Қаптаған «хейтерлерге» қарсы күш бола алатын Меденованың жанкүйерлері де жетерлік. Оларды «Айданаторлар» деп атаған әнші, жақтаушылары мен даттаушыларының текетіресін – трегіне арқау еткен.
Айдана Меденова, әнші:
-«Айданэторлар» мені қолдап жүреді. Менің әр концертіме келіп жүреді. Жалпы, менің тыңдармандарыма арнағым келеді.
Айдана, су жаңа туындысын кей әріптестері сынды арзан «хайптың» жолымен жарнамалауға құлықсыз. Бейнебаянымның сапасы – менің басты ұтар тұсым дейді әнші.
Айдана Меденова, әнші:
-Бәрібір де бейнебаянның сапасы жаман болса, әннің мағынасы жаман болса, қызықсыз болса ешқандай релиз, ешқандай хайп көмектеспейді деп ойлаймын.