Осы жылы отандық шоу-бизнестегі бойдақтардың саны бір жігітке азаятын шығар. Серілік ғұмырын, отбасылық өмірге алмастыруға дайын жүрген – Аян Өтепберген! «Жау жүрек мың баладағы» Таймастың таңдауы кімге түсті?
«Жау жүрек мың баланың» бір жауынгері шаңырақ көтеруді көздеп жүр. Қазақ киносындағы елеулі рөлдерімен ел назарына ілінген Аян Өтепберген, осы жылы бойдақтық жолына тұсау салмақшы.
Аян Өтепберген, актер:
-00:10:04 Енді өзімде біраз жасқа келіп қалдым ғой. 26-ға келдім. Өзім баяғыда армандайтынмын, 27 жасымда үйленетін шығармын деп. Мүмкін 27-де той болып қалатын шығар. Келер жылы емес, осы жылы. Енді мен сәуір айында 27-ге толамын ғой.
Өтепбергеннің үзеңгілес достары, бүгінде өмірлік серігін жолықтырып отағасына айналып үлгерген. Таяуда Төреғали төрт баланың әкесі атанса, Асылхан Төлеповтің де Алпамыс есімді атұстары өсіп келеді.
Аян Өтепберген, актер:
-Асылхан көрген сайын айтады. Баласын былай телефоннан көрсетеді де, қарашы қандай тәтті, қашан үйленесің дейді. Бәрі айтады жан-жағымда. Білмеймін бүкіл Қазақстан айтатын сияқты. Рас қой, ол да керек нәрсе. Өзімнің де үйленгім келеді.
Иә, көпшілік көкейінде бір сұрақ! Серінің сезімін селт еткізген сұлу кім? Желідегілер Аянды Гүлназ Жолановамен жұптастырып жүр. Екі жастың серуеніндегі суреттер сәйкестігі, жанкүйлерлердің сенімін одан сайын нығайта түскендей. Олардың жұртты қызықтарған сауалға берер жауаптары да ұқсас!
Аян Өтепберген, актер:
-Сүйіктім жайлы... Оны енді тойда көресіздер ғой. (күледі)
Гүлназ Жоланова, актриса:
-Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын.
Жұрттың жорамалы ақиқатқа айнала ма? Алдағы уақытта Аян мен Гүлназ отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың тізімін толықтырса, таң қалмаңыз!