Ең табысты фильмдер

Сообщить о проблеме с эфиром

Аян Өтепберген басты рөлді сомдаған «Қазақ хандығы.Алтын Тақ» фильмі, жарыққа шыққан алғашқы аптасында 30 млн пайда тапқан еді. Ал өткен уик-эндттегі үздік картиналардың көшін – «Капитан Марвел» бастап тұр.

Әйгілі Марвел компаниясының әйел кейіпкерге арналған жобасы 54 млн теңгеге жуық қаржыға кенелді. Лента әлемдік кинопрокатта 1 млрд доллар-дай пайда көріп үлгенген. Суперқаһарманға айналатын ұшқыш қыздың хикаясы көптің көңілінен шыққаны анық.

Екінші сатыда, Ақан Сатаев продюссерлік еткен қырғызстандық «Офф-лайн демалыс» комедиясы.

Қызыққа толы туынды айналымдағы алғашқы аптада 51 млн теңге кіріс көрген. Режиссер Руслан Акунның лентасы, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырады. Картинада балалар ғаламторсыз өмір сүруді үйренеді.

Үздік үштікті АҚШ пен Испания бірігіп таспалаған – «Таңғажайып Джун саябағы» анимациялық туындысы түйіндеп тұр.

Мультфильм қоржынын 49 млн-мен толтырды. Дыбыстауына Дженнифер Гарнер және Мила Кунис сынды танымал актрисалар қатысқан картинада, Джун есімді балақайдың хикаясы баяндалған. Оның қиялындағы ойын-сауық саябағы шын дүниеге айналмақ.

Әсел Сәдуақасованың «Кино по-понятиям» трэш-комедиясы 48 млн-мен төртінші орында!