Айдана алғашқыда «Кешью» арқылы танылып, бүгінде бизнесвуменге айналса, отандық орындаушы Очоу, керісінше әншілікке кейін келді. Актер мамандығын тәмамдаған өнерпаздың мақсаты – қалтасын қалыңдату!
Очоудың әуелде ән әлеміне келу жоспарында мүлде болмаған. Алғашқыда актерлық мансабымен табысқа кенелуді көздеген ол, кейін кинонарықтағы қаламақының қомақты еместігін түсініпті.
Осhooou, әнші, актер:
-00:10:51 Көрермендер, тыңдармандардың барлығы кинода жүре бермейсің бе деп айтады. Бірақ олар сенің жылына 1-ақ киноға түсетініңді қайдан білсін. Сені алмауы да мүмкін. Қалған уақытта не істейсің сен, асаба болып жүресің бе? Жоқ, қолыңнан келгенше, барынша әніңді айтқаның дұрыс деп ойлаймын!
Айтпақшы, Нұрланның да негізгі мамандығы актер. Бірақ жігітке жеті өнердің аздық ететінін түсінген Әлімжан, әншілік қырымен де нәпақасын тауып келеді.
Нұрлан Әлімжан, актер, әнші:
-Екеуін де былайша айтқанда қос қанатым деп білемін. Актерлығымды да, әншілігім де бір-бірінен ажыратпаймын. Бірі актерлық, бірі әншілік қанатым. Сонымен ұшып келе жатқан жайымыз бар.
Кезінде жұлдызы жарқыраған Жанатбек Бәйтеков те, қазіргі таңда сан түрлі қабілетімен несібесін теріп жүр.
Жанатбек Бәйтеков, актер, тележүргізуші:
-Мен осы концерттерден қырып табыс таба қоймаппын әлі. Сол жүргізушілігімнен де, актерлығымнан да қырып тапқан емеспін. Шүкір, бірақ жетеді. Енді өзіме, өзімнің жанұяма жетеді. Артылып жатса көрерміз.
Қазақ өнеріндегі әмбебап әртістер мұнымен шектелмейді. Бастапқыда әншілігімен танылған Бүркіт, бүгінде кинорежиссер, ал «МузАрттың» солисі Сәкен Майзғаиев жас өрендерге мектеп ашып, дәл қазір ұстаздық әрі проректорлық мансабын қатар алып жүр!