HARU Қазақстанда!

Сообщить о проблеме с эфиром

«BTS-тың» Haru есімді әріптесі Қазақстанға келді! Кей-поп бағытына өзіндік үлес қосып жүрген өнерпаз, елімізде бейнебаян таспалауда! Әйгілі әншімен «Найнти уан» туындылары арқылы елге танылған Азамат Дулатов бірге жұмыс істеп жатқан көрінеді.

HARU - к-pop бағытының ізін жалғап, ресейде өзіндік r-pop музыкасын жасап жүрген жас талант. Тың тректерімен талай тыңдарман жинап үлгерген өнерпаз, тырнақалды туындысын дәл Алматы қаласында таспалауды жөн санаған.

HARU, әнші:

-Қазақстандағы адамдар – өте қонақжай, жайдары адамдар. Оның үстіне мұнда білікті мамандар өте көп. Сондықтан, бейнебаянымды неге осында түсірмеске деп шештім.

Харудың клипын таспалауға еліміздің кіл мықтылары білек сыбана кіріскен. Камераның арғы жағына – Азамат Дулатов жайғасса, Жайдарбек Күнгужинов лентадағы трюктерге жауапты. Ал, режиссерлық тізгінді Бекентай Әжібековтың өзі қолына алған.

Бекентай Әжібеков, режиссер:

-Туынды азиаттық махаббат жайлы десек болады. Төбелес пен экшнға толы бейнебаян болмақ.

Клипмейкер бұған дейін Ғалымжан Молданазардың «Есімде бәрі» сынды туындыларымен ете таныс.

Харудың өзі болса, дәл осындай шығармашлық ұжыммен жұмыс істеп жатқанына дән риза. Оның үстіне, жас жігіттің қазақстандық әншілер арасында өзінің сүйікті орындаушылары да бар көрінеді.

HARU, әнші:

-Шынымды айтсам, «Найнти уан» тобын білемін. Олардың шығармашлығымен де таныспын.

«Найнти уандай» болмаса да, енді жас өнерпаз Қазақстандық тыңдарманның да жүрегін жаулауға ниеттеніп отыр.