Наурызда қаламақысы қамбаттайтындар

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ұлыстың ұлы күнін» жұлдыздардың ортасында тойлауға қалай қарайсыз? Бірақ кумиріңізді жаныңыздан табылсын десеңіз, қалтаңызда қомақты қаржыңыз болғаны жөн. Мәселен, Нұржан Керменбаев наурыз науқанында қаламақасын сәл қымбаттатын көрінеді.

Нұржан үшін Наурыз мейрамы нағыз науқанның қызған кезі. Аталған мерекеде әншінің сұранысы артып, қалтасы да біраз қалыңдайды. Өйткені, бұл жолғы бағасы бұрынғыдан сәл өзгерек болмақ.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Негізі айтады ғой, халық жұмыс істегенде, әртістер демалады. Әртістер жұмыс істеген кезде, керісінше халық демалды. Бізде сезонның кезі бар. Бірақ екі есе емес. Кішігірім ғана қосамыз. Екі еселеп қоспаймыз.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында еліміздің аймақтарында мерекелік концерт ұйымдастыратын Алтынбек Рахметов, осы жылы керекуліктерге тосын-сый әзірлеп жатыр. Ал, биыл әншілердің гонорарында қаншалықты өсу бар?

Алтынбек Рахметов, продюсер:

-Бағаларды зерттесек жаңа жылға қарағанда, наурызда ескі бағалары қалып тұр. Өспейді, бірақ жеңілдік жасалмайды. Өйткені, мерекелік күн болғаннан кейін. Бірақ белгіленген бағаларына келеді.

Айқынның да әр мерекедегі кестесі тығыз. Бірақ, Төлепберген қалыпты бағадан танған емес. Ол жеңілдік жасамайды, қаламақыны да қымбаттатпайды екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Істеп жатқан еңбегің тура сол. Елдің бәрінен сұраныс көп деп, бағаны көтере беру ақшаға құмарлық деп ойлаймын. Қажет емес нәрсе деп ойлаймын. Бір қойылған баға бар. Сол бағаға қанағат етіп, жұмыс істеу керек. Жаңа жыл келді, наурыз келді деп, екі есеге өсіру дұрыс емес.