Ұлттық нақыш пен заманауи стиль!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наурыздағы түрлі той-думанда жұлдыздардың әсем көрінуі үшін, сәнгерлер қауымы аянып қалмақ емес! Аида Кәуменова бастаған отандық диазайнерлер, ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып киім тігуге болады деген ұстанымда.

Қазақылықтың сәнге айналғанын қалайтын Аида Кәуменова, көп жылдан бері осы мақсатта ерінбей еңбек етіп келеді. Ұлттық нақышқа жаңа леп әкелу үшін, шебер ерек каллобарациясымен таңқалдырған еді.

Қорлан Мәди, сәнбике:

-Аида ұлттық нақышта киім тіккенді ұнатады. Ал, мен болсам көп жылдан бері, Еуропада жұмыс істеп келемін. Сондықтан, ұлттық нақыш пен заманауи стильді біріктіріп, жаңа дүние шығардық.

Мақпал матаның ханшайымымен салыстырғанда, жас дизайнер Жанар салт-дәстүрді өзіндік үлгіде ұсынуды жөн көреді.

ZHANAR, дизайнер:

-Көріп отырғандарыңыздай, асық – біздің брендіміздің бетбейнесі. Бұл жолы топтамамды Энди Уорхол шығармашылығына арнадым.

«Жадо» – ел арасында ұлттық нақышты дәріптеп жүрген бренд ретінде етене таныс. Дизайнердің басты мақсаты – халық мұрасын таныту.

Жадыра Сахиева, «JADO» маркасының иегері:

-Енді, бізді «Жадо» сән үйін көбінесі ұлттық нақышта деп біледі.

Бұл жолы біз «прет-а-порте» жасадық.

Осылайша отандық диазйнерлер, сәнді көріну үшін тренд қуудың қажеті жоқ екенін алға тартады. Оның үстіне, халқымыздың мол байлығы неліктен дәріптемеске дейді олар.