Шығармашылық шапшаңдыққа келгенде, «Рензолықтарға» «BTS» тобынан үлгі алса, артық етпес. Отандастарымыз жаңа альбом туралы ойланып жүргенде, корейлік бойзбендтің жарыққа әлі шықпаған жинағы сатылымы жағынан рекорд орнатты!
«BTS-тың» «Map of the Soul: Persona-сы» Оңтүстік Кореяда ең тез таралған туынды атанып отыр. Алдын-ала сатылым арқылы, күллі «Арми» альбомның 2 685 000 данасын иемденіп үлгерген. Одан бөлек, туынды әлем бойынша рекорд жаңартады деген болжам бар. Жинақтың өзі, сәуірдің 12-нен бастап өнерпаз жігіттердің жаһандық жанкүйерлеріне де қолжетімді болмақ!