«Ninety one» шетел аспақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кореяға аттанған «Ninety one-ның» жетістігі – күллі иглзды шабыттандырғандай! Мемберлердің Mamamoo-мен шырқаған ортақ туындысы желіде трендтен түспеуде. Кореяда танылған топ, енді шығармашылығын шетелде жалғасытырмақ па?

«I Can See Your Voice» – Оңтүстік Кореядағы ең үздік саналатын «Mnet k-pop» арнасында таратылатын музыкалық шоу. Бағдарламаның шарты бойынша, келген қатысушылардың ән айту шеберлігін жобаның қонақтары анықтайды.

Іріктеуді сәтті өткен «Ninety one-дықтарға» – шоудың үміткері атану бұйырған еді. Мемберлер қатысқан эпизодта, «Мamamoo» гелзбендіне қазылық ету тапсырылған.

Нәтижесінде, алғаш рет шет тілде ән шырқаған q-pop өкілдері жеңіске жетіп, Кореяда жеке трегін жарыққа шығару мүмкіндігіне ие болды. Алайда, ойын-сауық бағдарламасының көрерменін, жігіттердің өнері емес, ZaQ-тың «депутат» екені көбірек таңқалдырғандай.

-Сайлау жүргізілгенде, мен фанаттардың арқасында жастардың дауысын тасымалдаушы ретінде, яғни үкіметке жастардың дауысын жеткізуші ретінде тағайындалған болатынмын.

Шоуда табысты өнер көрсеткен соң, «Ninety one» тректері «Мелон» сынды корейлік ән платформаларында, жүктелімі ең жоғары әндердің қатарына енді. Бұған дейін, топ шетелге шығуы мүмкін деген Ерболат Беделхан, осы жетістіктен соң, мемберлердің харықаралық сахнадағы шығармашылығына көп көңіл бөлетін секілді.

Ерболат Беделхан, продюсер:

-Келесі жылы жеке олар дебьют алатын шығар. Егер де, «Найнти уан» тобы ретінде басқа шетелге шығып кетпесек. Ал, егер де шетелге шығып жатқан жағдайда, біз әрине акцентті топқа қоямыз.