Бұрындары жаңа әншіні жұртқа таныстырып, өзі тек «кадр сыртында» қалатын продюсерлерден қазір белсенділік байқалады. Жобаларына сұраныс артқан сайын, олардың сұқбаттасуға деген құлшынысы күшейетін секілді. Біздің айтпағымыз – Зирузаның командасы жайында.
Бұл клиптің дайын нұсқасы. Ал, дәл осы бейнебаян таспаланған сәтте, түсірілім тобы түрлі қызықтарды бастан өткергенін бірі білсе, бірі білмес. Әдетте жұмысқа белсенді түрде кірісетін әртістер, жобаның соңына қарай еркіндікке ерік береді. Көк жәшіктен көп көрінбейтін Зирузаның продюсері, бұл жолы қалжыңға жақын екенін аңғартты.
Ziruza, әнші:
-Қазіргі кезде...
-Эй, там что делаете? Эййй..?
-Қазіргі кезде... Ағай, осылай кадрды құртқанды ұнатады десең...
Көтеріңкі көңіл-күйдегі продюсердің бұл әзілге толы әрекеті бірнеше рет қайталанды.
Ziruza, әнші:
-Қазіргі кезде тек қана жұмыс. Тағы да айта кетейін...
-Машину убери, машину.
-Тағы да айта кететін болсам...
«Опмаймен» танымалдылығы артқан қос ұжым, әлеуметтік желідегі жетістігін айтып, мақтанар тұста, тосыннан соғылған қоңырауы кедергі келтіретіні бар.
Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:
-Ютуб пайда болды, инстаграм пайда болды. Содан бері бізде ешқандай... Кешірім өтінемін, мен де өшіріп қояйын. Бөліп жібердім ғой.
«Опмай-опмайдың» ғаламтордағы қаралымын сәт сайын санайтын «Азия» мен «Бақай» тобы, клиптің көрсеткішінен шатаса бастаған секілді.
Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:
-Он жарым миллион. Оннан астам миллион. Қазіргі таңда 12 жарым... 12-ден астам миллион, 12-ден астам миллион қаралым.
Сүйіктісін құшырлана сүйген Сейітмағамбет, дәл осы суретті желіге жүктеген сәтте, бірден сынға іліккен еді. Алайда, Дәурен мен Ақботаның ұялы телефонындағы фотолардың бұл тек тәуірі екен.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Сол суретті салдым. Негізі одан да неше түрлі суреттер бар. (қатты күледі)